Чатқа жай ғана «Сәлем» деп жазбаңызшы, өтініш.
Сонда сіз телефон соғып, тек "Сәлем!" деп қана айтып, адамды күткізіп қойғандай боласыз.
Былай жасаған дұрысырақ болады:
Байқаған болсаңыз, сіз сұрағыңызға тез жауап алып, басқа адамды күткізіп қоймайсыз, өйткені ол сұрағыңыз жайлы бірден ойлана бастайды.
Адамдар бетпе-бет кездескенде мәселе туралы айтуға дейін амандасуға дағдыланған. Бірақ чат деген мүлде басқа жағдай. Жазу сөйлеуден гөрі баяуырақ жүреді. Сіз сыпайы болам деп, басқа адамның уақытын аласыз және олай жұмыс тиімділігін төмендетіп тұрсыз.
Дәл осы нәрсе мынадай хаттарға да қатысты: "Сәлеметсіз бе", "Сәлем. Осындасың ба?», "Сәлем! Сұрақ бар еді", "Уақытың бар ма?", "Пинг". Бірден сұрағыңызды жазыңыз!
Егер сізге жай ғана «Сәлем» деп, бірден сұрақ қою ерсі көрінсе, былай жасауға болады:
Сонымен қатар, бірден сұрақ қойсаңыз асинхронды байланыс мүмкіндігі ашылады. Егер әңгімелесуші қолы тимей, ол келгенше сіз кетіп қалсаңыз, сұрағыңызға бәрібір жауап бере алады. Сіздің «Сәлем» деген хатыңызға қарап, "Бұған не керек ?" деп отырғаннан жақсырақ емес пе?!
Біреудің статусынан осы мақалаға сілтемені көрсеңіз, ол адам жай ғана "сәлем" деп жазылған хатыңызды жауапсыз қалдыруы мүмкін.
Осы бетке сілтеме: https://nometa.kz
Бір суретпен түсіндіру: https://nometa.kz/img/bad-good.png